Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

А.Таспиховтың сенімді өкілдері Батыс Қазақстанда

AstanaTV
23.05.2019ж. 20:00
2337
А.Таспиховтың сенімді өкілдері Батыс Қазақстанда

Еңбек қауіпсіздігін сақтау үшін өндірістік кеңестің жұмысын жүйелеу қажет. Бұған Президенттікке кандидат Аманкелді Таспихов сайлауалды тұғырнамасында басымдық берген. Үміткердің сенімді өкілдері Батыс Қазақстанда өткен кездесуде халыққа осыны жеткізді. Өйткені аймақтағы өндіріс орнында бір жылда 90-нан аса оқыс оқиға болып, 6 адам қаза тапқан, 43 адам жарақат алған. Белсенділер қауіпсіздікті күшейтудің тағы бір жолы роботтандыруға толық көшу, дейді. Осылайша, адам қолымен істейтін жұмысты техникаға тапсырмақ. Сондай-ақ, облыстағы 400-ден аса өндірістік кеңес 100-ден аса техникалық инспекторды құрамына алған. Бұл да еңбек адамының қауіпсіздігі үшін. 

Бауыржан АТАУОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПОДАҚ ОРТАЛЫҒЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Осындай проблемалырдың алдын алу үшін жан-жақты заң қабылдау жұмыс берушілерге талып қою мәселелелрі осы кандидаттың бағдарламасында бірінші кезекте тұрған мәселелер. Ол барлық жұмыс орындарының сәйкесінше заңға сәйкес талаптары. Осының барлығы осы бағдарламаға кірді.

А. Бектас