$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Мас күйінде көлік жүргізгендерді халық алдында сабау керек - сенатор

AstanaTV
21.04.2016ж. 20:00
1833
Мас күйінде көлік жүргізгендерді халық алдында сабау керек - сенатор

«Мас күйінде көлік жүргізгендерді елдің алдына шығарып сабау керек». Сенатор Бектас Бекназаров жоғарғы палатаның жалпы отырысында Премьер-министр мен Бас прокурорға осындай ұсынысты алға тартқан депутаттық сауал жолдады. Ол көлік айдау құқығынан айырылса да, темір тұлпарды қайта тізгіндеп, онымен қоймай рөлге мас күйінде отырған жандар үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту керек деп санайды.

Сенатордың айтуынша, Сингапур, Қытай, Жапония сынды елдерде адамның көлікке мас болып отыруының өзі ауыр қылмыс болып саналады. Сингапурде ондай жүргізушіге айыппұлмен қоса, дүре соғылады екен. Аспан асты елі мен Тайландта мас күйде көлік айдаушы өлім жазасына кесіледі. Бізде де заңға түбегейлі өзгеріс енгізу керек деп санайды депутат.  

Бектас Бекназаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Біздің елде жол ережесін бұзып, адам денсаулығы мен өміріне зақым келтірген сау жүргізуші де, мас адам да Қылмыстық кодекстің 345-ші бабы бойынша бір нормамен жауапкершілікке тартылады. Екі жағдайда да қылмыстық әрекетті абайсызда жасады деп қаралады. Алдын ала ішіп алып, шегіп алып, мас күйінде қасақана көлікке отырып, адамды басып кеткен жүргізушіні қылмыстық әрекетті абайсызда жасады деуге бола ма? Мас күйінде бірнеше рет көлік айдағандарға халық алдында дүре соғу керек.

Айгүл ӘДЕПБАЙ