Жастар саясатын нықтап қолға алу керек. Әсіресе, білім беру, тұрғын үй, жұмысқа орналасу және тәлім-тәрбиеге қатысты мәселелерге бей-жай қарауға болмайды. Төлеутай Рақымбеков тұғырнамасындағы дәл осы тетіктер бүгін Алматы облысында кеңінен талқыланды. Президентікке кандидат бай рухани мұрамызды сақтап, жас ұрпақтың санасына сіңдіру жолдарын ұсынады. Әйтпесе, қазіргі жаһандану дәуірінде жас толқынның жат мәдениетке жұтылып кету қаупі бар деген. Қазір үгіт-насихат науқанының нағыз қызған шағы. Төлеутай Рақымбековты қолдауға арналған шаралар елдің барлық аймағында өтіп жатыр. Ал үміткердің өзі алдағы аптада батысқа барып, жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізбек.
Қаламқас ИСАЕВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ Т. РАҚЫМБЕКОВТЫҢ ӨҢІРЛІК САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Біздің кадидатымыз Төлеутай Рақымбековичті қолдау үшін осы акцияны ұйымдастырып, мына коллективтер көрініс көрсін, біздің қандай дәстүріміз болған. Киіміміз қалай киінген. Қыздарымыз қандай әдемі-сұлу. Себебі біздің кадидатымыз өзінің бағдарламасында солай айтылған.
Д. Қайыртай