Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Астанада 4 адам метан газынан уланып, қайтыс болды

AstanaTV
23.05.2019ж. 20:00
3897
Астанада 4 адам метан газынан уланып, қайтыс болды

Жаңалықтарымызды суыт хабардан бастаймыз! Бүгін астанада 4 адам метан газынан уланып, қайтыс болды. Марқұмдар «Астана су арнасы» коммуналдық мекемесінің қызметкерлері. Қайғылы оқиға «Оқушылар сарайы» маңындағы құдықтардың бірінде сағат 16:00 шамасында тіркелген. Белгілі болғандай «Астана су арнасының» 6 адамнан тұратын бригадасы мұнда жұмыс істемей тұрған сорғы станциясын бұзуға келген. Басында бір жұмысшы есінен танып, құдыққа құлап түскен, оны құтқармақ болған қалған үшеуі артынан барып, резервуардан қайтып шықпады. 

Нұрділдә ОРАЗ, ҚР ІІМ РЕСМИ ӨКІЛІ-БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Екі адам немесе одан да көп адамдардың қайтыс болу салдарынан сотқа дейінгі тергеу амалдары жүретін болады. Және де бірнеше сараптама тағайындалды. Істің мән-жайы неден болғаны барлығы анықталып қосымша ақпаратты содан кейін береміз.

Қазіргі уақытта тірі қалған бір жұмысшы ауруханада, мамандар оның жағдайы орташа деңгейде деп отыр. Қала әкімдігі болса, қаза тапқандардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетілетінін айтты. 

Эльвира ЖҮРГЕНБАЕВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтановтың тапсырмасымен осы қаза болған азаматтардың отбасыларына барынша тиісті көмек көрсетуді тапсырды. Және тиісті органдарға тергеу-тексеру жасайтын органдарға осы мәселенің анық-қанығын тексеріп тиісті шара қолдануын тапсырды.

Н. Біләл