$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Трамп Қытаймен сауда соғысынан зардап шеккен фермерлерге $16 млрд доллар бөледі

AstanaTV
24.05.2019ж. 20:00
2396
Трамп Қытаймен сауда соғысынан зардап шеккен фермерлерге $16 млрд доллар бөледі

Трамп Қытаймен сауда соғысынан зардап шеккен фермерлерге $16 млрд доллар бөлетін болды. Ол Қытайдан импортталатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің тапшылығынан пайда болған проблемаларды шешуі тиіс. Бұл қаражатты АҚШ билігі аспан асты елінің тауарларына салынған жоғары пайыздық баж салығынан алуды көздеп отыр, 

Дональд ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Мен ауыл шаруашылығы министріне америкалық фермерлер мен малшыларға 16 миллиард доллар көмек беруді тапсырдым. Қытаймен арадағы проблема толыққанды шешімін тапқанша 100-деген миллиард доллар жұмсайтын боламыз. Қытаймен ортақ келісімге келетін болсақ жақсы, әрине, бірақ олай болмаған жағдайда да бұл қалыпты процесс.

Ал Қытайдың 10 әуе компаниясы америкалық Boeing - тен 737MAX лайнері тоқтап қалғаны үшін өтемақы төлеуді талап етіп отыр. Қытайда мұндай 96 ұшақ бар. Яғни барлық әуе паркінің 4% - ын құрайды. Сарапшылар пікірінше осы ұшақтардың тоқтауына байланысты қытай әуе компаниялары күнделікті 14 мың доллар шығынға батқан. Еске сала кетсек, Boeing 737MAX лайнері Эфиопияда апатқа ұшырағаннан кейін Қытай және өзге де мемлекеттер оны пайдалануды тоқтатқан болатын.

Ә.Өмірзақ