Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Президент сайлауы алдағы Мәжіліс сайлауына дайындық іспетті - Н. Назарбаев

AstanaTV
23.05.2019ж. 20:00
3023
Президент сайлауы алдағы Мәжіліс сайлауына дайындық іспетті - Н. Назарбаев

Президент сайлауы алдағы Мәжіліс сайлауына дайындық іспетті. Парламенттік науқанға дейінгі екі жыл мерзім жылдам өтіп кетеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының орталық штабы өкілдерімен кездесуінде осылай деді. 9 маусымдағы Президент сайлауы - халықтың қалауын білу, елді мазалайтын сұрақтарды анықтаудың төте жолы екенін айтты. Және Қазақстанда қос билік орнамайтынын тағы да еске салды. Абай Сейфулла жалғастырсын.  

Қазақстанда екі билік режимі орнайды деп алаңдаудың еш қажеті жоқ. Астана экономикалық форумында айтқан осы сөзіне Елбасы жетекші партия өкілдерімен кездесуінде қайта тоқталды. Халық сайлаған Президентке бәріміз бағынамыз. Сондықтан дұрыс таңдау жасау - аса маңызды. Тұңғыш Президент Әсіресе, 4 млн жас болашақ үшін оң шешім қаьбылдайды деп үміттенеді. 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Не только болашаковцы, но и те, кто заканчивают сейчас университет, учатся в интеллектуальных школах, поступают в лучшие университеты. Совершенно другая молодежь, другая направленность. И мы должны их поддерживать и создавать условия. Для Вас мы создаем качественное образование, решаем вопрос трудоустройства. Желательно чтобы жилищные вопросы решались и сами и помогали. Должны принимать ответственные решение, я уверен, в ответ н а эту заботу, 9 июня наша молодежь примет правильное решение .

Сайлауда барлық кандидатқа бірдей мүмкіндік берілген. 7 үміткердің тақталасы саяси бақталастықтың белгісі. Кандидаттар әр түрлі партия мен ұйымдардан түсіп жатыр. Назарбаев сол себептен бұра тарту болмайтынын айтты. Әділдікке шақырды.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Другим кандидатам я тоже желаю успеха. Я думаю, что вы набираете тоже большой опыт. Вам предоставлена возможность встречаться, предоставлена равная возможность выступать в СМИ, и в этих вот кампаниях тоже растет новое поколение политиков и людей которые проходят большой опыт.

Нұрсұлтан Назарбаев 1994 жылы Қытайға сапарында тіл білетін елгезек елшілік қызметкерін кездестіргенін еске алды. Ол - Қасым Жомарт Тоқаев болатын. Содан бері жауапты қызметтерді сенімді атқарып келе жатқан саясаткерді жан-жақты білетіндігін айтты. Өзінің сөзінше, Тоқаев - қол астында жұмыс істеген үздік министрлердің бірі.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Я со всех сторон его знаю, я выдвинул его специально, готовясь, несколько лет тому назад в Генеральную Ассамблею ООН , через Генсека Пан Ги Муна несколько раз встречаясь, что он достоин. Он несколько раз проходил тест. В Центре ООН в Женеве Токаев прошел там большую школу. Я его досрочно отозвал, он не доработа до конца, он нужен быть здесь.

Партия төрағасы сайлауалды штабтың республика бойынша жүріп жатқан насихат жұмыстарына бағасын берді. Әсіресе бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі жұмыс белсенді. Осы қарқыннан таймаса, ұтымды бағдарлама жақсы нәтижеге алып келеді. Жиналыста мемлекеттік қызметке маман таңдаудағы Елбасы стратегиясы да сөз болды.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Если я его поставил акимом или министром и он приходит и ставит передо мной проблемы, то он сам стал проблемой, надо избавляться от него. И ставить того человека, который скажет? Да есть проблема, господин президент, вот есть три варианта решения этой проблемы, выберите из них. Вот это другое дело. А то приходят, и ставят это плохо, и так далее.

Сайлау нәтижесіне қарамастан Елбасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретінде ішкі , сыртқы саясаттағы маңызды шешімдерге араласады. Мемлекеттік бағдарламалар да сонымен келісіледі. Сол себептен де тұрғын үй, әлеуметтік жәрдем үшін жасалып жатқан ауқымды шаруаларға алаңдауға себеп жоқ. Аймақтарды аралаған штаб өкілдері көбіне халықты осы алаңдатады дейді.

Павел КАЗАНЦЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ :

Бізден ел Елбасының саясаты жалғаса ма? Әлеуметтік бастамалар, жастар мен көпбалаларды қолдау шаралары, баспана салу жұмыстары тоқтап қалмай ма деп көп сұрайды? Елді мекендерде жол құрылысына, коммуналдық инфрақұрылымға алаңдаушылық білдіреді. Сонда біз Елбасы оның бәрін қадағалайды, партия бағдарламасы өзгермейді деп жауап береміз.

Отырыста инфрақұрылымға, әлеуметтік проблемаға қатысты мемлекеттік бағдарламалар кеңінен талқыланды. Нұр Отан партиясының 2030 дейінгі бағдарламасы айтылды. Қазір бюджеттің 50 пайызы әлеуметтік көмекке жұмсалып жатыр. Егер ол 60 жетсе онда, ел экономикасы дамымайды. Сондықтан Елбасы кәсіби маман мен оған ұсынылған тұрақты жұмыс қана мемлекетті алға сүйрейді дейді.  

А. Сейфулла