Негізгі / Жаңалықтар / Қазақстан жылына 2 мың тонна жылқы етін импорттайды

Қазақстан жылына 2 мың тонна жылқы етін импорттайды

Ет өндірісінің де әлеуеті болғанымен, өсім жоқ. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин мал азығын арттыруға ерекше назар аударуды ескертті. Айтуынша, Ресей мен Белоруссияда ет кәсіпорындарының өндірістік қуаты 80 пайыздан асады. Нәтижесінде олардың өнімі бізге импортталады. Мәселен, 6 мыңнан аса сары май мен 22 мың тонна ірімшік-сүзбені, құны 45 млрдты құрайтын 6 мың тоннадан аса консервіленген етті өзге елден импорттаймыз. Статистикаға талдау жасаған Нығматулин бұл өнімді қазақстандық зауыттар да шығаруға қауқарлы деп, қынжылды. 

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл өнімдерді біздің зауыттар да шығара алады ғой. Бейнелеп айтқанда, қауқар бар, бірақ өсім жоқ. Мемлекетте бар мүмкіндікті агроөнеркәсіп кешенін дамытуға пайдалануымыз керек. Оның ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тапсырған ет және сүт өнімдерін өндіру, өңдеу және экспорттау мәселесі де бар. 

Ал бүгін Паламент қабырғасында жәрмеңке жасаған аграрилер үлкен саясатқа жақындық танытса керек, жұмыртқа арқылы ел-жұртты сайлауға қатысуға үндеп жатыр. 

Н. Біләл