Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Түркістанда кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

AstanaTV
27.05.2019ж. 20:00
2506
Түркістанда кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

Түркістан облысында кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған топ құрықталды. Бетперде киіп, қаруланған бесеу Сайрам ауданы тұрғынының үйіне басып кірген. Балалардың жатын бөлмесіне терезе арқылы енгендер кәмелет жасына толмаған ұлдарын байлап тастаған. Жанұшыра айқайлаған дауыстан көрші бөлмедегі ата-анасы оянып, қарақшыларға қарсылық танытқан. Айқай-шудан ешнәрсе алып үлгерместен қарақшылар қашып кетіпті. Қамауға алынғандардан екі газ пистолеті мен "Сайга 410" және шолақ аңшы мылтықтары тәркіленді. Полиция департаментінің дерегіне сүйенсек, кәсіпкер Шымкенттегі сауда орындарының бірінде автобөлшектер сатумен айналысатын.

Қайрат ДӘЛБЕКОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Қылмыстық топ бес адамнан құрылған. Бесеудің төртеуі бұрын сотты болған. Барлығы осы оңтүстіктің тумалары. Жастары 1983 жыл мен 1990 жыл арасында. Шұғыл іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті қылмыскерлер ұсталып, бүгінгі таңда қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

А.Төребекқызы