Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Ә.Қосановтың сайлауалды штабы жамбылдық тұрғындармен кездесті

AstanaTV
27.05.2019ж. 20:00
2657
Ә.Қосановтың сайлауалды штабы жамбылдық тұрғындармен кездесті

Әміржан Қосановтың Жамбыл облысындағы сайлауалды штабы өңір тұрғындарымен кездесу өткізді. Түрлі сала өкілдері қатысқан жиында әлеуметтік, экономикалық мәселелер талқыланып, сайлауалды тұғырнаманың негізгі бағыттары түсіндірілді. Тұрғындар саяси құжатқа қатысты пікір білдіріп, ұсыныстарын да айтыпты. Науқан соңына дейін штаб өкілдері тағы бірнеше шара өткізуді жоспарлап отыр. Сайлау жақындаған сайын Қосановтың штабы үгіт-насихат жұмыстарын күшейтуде. Сенімді өкілдер халықпен кездесуді жиілеткен.  

Бақытжан МАҚАШЕВ, Ә.ҚОСАНОВТЫҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: 

Халықтың ортасындамыз. Күнделікті хабарласып отырған жұрт. Халықтың сайлауға деген ынтасы жақсы. Штаб мүшелері, сенімді өкілдер қалаларда, аудандарда, тіпті алыс ауылдарға дейін барып, үгіттеу жұмыстарымен айналысуда.

А. Сейфулла