Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Кеден бекеттерінің 20-ға жуық қызметкері аса ірі көлемде пара алу фактісі бойынша күдікке ілінді

AstanaTV
28.05.2019ж. 20:00
2784
Кеден бекеттерінің 20-ға жуық қызметкері аса ірі көлемде пара алу фактісі бойынша күдікке ілінді

Шекара қызметінен тағы былық шықты. Алматы облысындағы "Нұр Жолы", "Қалжат" және Түркістан облысындағы "Қонысбеков атындағы" кеден бекеттерінің 20-ға жуық қызметкері аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, олар Қытайдан Өзбекстанға тауарларды кедергісіз өткізу үшін ақша бопсалаған көрінеді. Тексеріс кезінде қылмыстық жолмен табылған ірі көлемдегі ұлттық және шетелдік валюта табылған. Қазіргі уақытта Ұлттық қаіпсіздік комитетінің мамандары сотқа дейінгі іс жүргізіп жатыр. 3 күдікті сот санкциясымен қамауға алынған. Ал қалғандарына кінәларын толық мойындағандықтан бұлтартпау шарасы қолданылды.

Н. Біләл