Негізгі / Жаңалықтар / Қалталылар қарапайым халықтан көбірек салық төлеуі тиіс - ҚКХП өкілдері

Қалталылар қарапайым халықтан көбірек салық төлеуі тиіс - ҚКХП өкілдері

Қалталылар қарапайым халықтан көбірек салық төлеуі тиіс. Осындай ұстанымдағы коммунистік партия белсенділері Жамбыл облысының Қаратау кентіне барды. Тұрғындармен Президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбековтың сайлауалды тұғырнамасындағы салық мәселесін талқылады. Қазба байлыққа толы Қаратаудағы өндірісті дамыту жолдары айтылды. Қазір өңірде цемент, натрий, мәрмәр тастарын өндіру зауыттары бар. Кездесуде аймақтағы ауыз су, жұмыссыздық, төмен жалақы секілді әлеуметтік проблемаларға қатысты да сауалдар қойылды.  

Магомад ТОҚСАБАЕВ, ҚКХП ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ КОМИТЕТІ БЮРОСЫНЫҢ МҮШЕСІ:  

Өз айлығына күн көре алмай жатқан халық 10% айлығынан салық төлейді. Милиион, миллиардтап табыс көрген азаматтар да солай салық төлейді. Батыс елдерді мысалға алсақ, кей мемлекеттерде бай адамдар 42% дейін салық төлейді. Осыған байланысты әділеттілік талап етсек, бай адамдар неге артық төлеп, әлеуметтік жағдайын көтеруге, еліміздің дамуына үлес қоспайды. Осындай бағытта жұмыс атқарылады.

А.Сейфулла