Негізгі / Жаңалықтар / Д.Еспаева Екібастұз қаласына барды

Д.Еспаева Екібастұз қаласына барды

Теріскейде мектеп түлектерінің басым бөлігі Ресейдің жоғары оқу орындарын таңдайды. Оны тәмамдаған соң сол елден бірден жұмыс табады. Екібастұз қаласының тұрғындары Президентікке үміткер Дәния Еспаевамен кездесуге осы мәселені көтерді. Және кандидаттың осыған назар аударуын өтінді.  

Дәния ЕСПАЕВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР: 

Ресейдің техникалық білім беретін жоғары орындарын жоғары деп санайды. Бұл - біріншіден. Екіншіден, сонда білім алған балалар сонда қалып жатыр. Себебі оларға жұмыс беріп жатыр. Меніңше бұл сұрақты қарастыру керек жан-жағынан. Біз де өз институттарымыздың сапасын көтеру керек.

Сондай-ақ, Дәния Еспаева ел дамуына серпін беретін ірі кәсіпорындар жұмысын сенімді түрде жалғастыру керек деп отыр. Ол үшін мемлекет тарапынан қолдау болуы тиіс деді. Екібастұз – өндірістік қала. Еліміздегі ірі көмір кешендері мен электр станциялары осында орналасқан. Шахарда 150 мыңнан астам тұрғын бар. 8 мыңнан астамы кәсіпкерлікпен айналысады. Былтырдың өзінде 20-дан астам кәсіпорын ашылған.

М. Дюсекина