Негізгі / Жаңалықтар / А. Таспиховтың штабы үгіт-насихатты күшейтті

А. Таспиховтың штабы үгіт-насихатты күшейтті

Еліміз бойынша 2 мыңнан астам сенімді өкілі бар Аманкелді Таспиховтың штабы үгіт-насихатты күшейткен. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы белсенділер қоғамдық көлікке мініп, үміткердің тұғырнамасын таныстырды. Ал көшелерге кандидаттың портреті басылған баннерлер ілінген. Бұған қоса аймақтарда бірнеше мың ерікті үгіт-насихат жұмысына көмектесіп жүр. Еңбек адамының мәртебесін көтеруді көздейтін Аманкелді Таспихов лайықты жалақы алуға қатысты ұсыныс жасаған болатын. Осыған қатысты кәсіподақтың Оңтүстік Қазақстандағы мүшелері форум өткізді. Белсенділер үміткердің еңбек дауын оңтайлы шешіп, өндірістік қауіпсіздікті сақтауға мүдделі екенін жеткізді.  

Төлеген ҚҰНӘДІЛОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ А.ТАСПИХОВТЫҢ СЕНІМДІ ӨКІЛІ:  

Күнделікті түрде мыңнан астам үгіт-насихат материлдарын тартуда. Халықпен кездесу орындарында үгіт материалдарын таратып, біздің кәсіподақтың құндылықтарын, қандай өзгерістер болып жатқанын, еңбек адамының құқықтарын қорғауға қандай іс-шаралар жасап жатқанын, соның мүддесі мен әлеуметтік жағдайын көтеруге не істейтінімізді, кәсіподақтар оны қалай іске асыратыны туралы құндылықтардың бәрін халыққа қарапайым тілмен түсіндірме жұмыстары жан-жақты жүргізіліп жатыр.

А. Бектас