$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Тоқаев пен Туск қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті

AstanaTV
31.05.2019ж. 20:00
3698
Тоқаев пен Туск қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық кеңестің Төрағасы Дональд Туск қасірет қақпасының алдында бас иіп, саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті. Еуроодақ басшысының Қазақстанға ресми сапары ел тарихындағы ерекше күнмен тұспа-тұс келді. Президент пен Туск «АЛЖИР» мемориалды-музей кешеніндегі ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойып, саяси құрбандардың өмірі жайлы мәліметтер жинақталған кешен музейін аралап көрді. Айта кетейік, 31-мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде 1997 жылдан бері аталып келеді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Бүгін біз млн-даған адамның өмірін үзген сталиндік саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Тағдырдың тауқыметіне түскен адамдардың ішінде қазақтар ғана емес, отанымызға күштеп қоныс аударылған 1,5 млн басқа ұлт өкілдері де бар. Осы орайда тоталитаризм құрбандарынң "Алжир" меморилады кешеніне барып, тағзым етеміз. Ол қазақ халқына және балық қуғын-сүргін құрбандарына зор құрмет болса керек.

Еурапа елдері Қазақстанның ірі эконмикалық серіктесі. Былтыр біздің экспорт 31 млрд долларды құраса, импорт 3,7 млрд. Еуропа шикі мұнай, алтын-күміс, мыс, газ, алюминий уран, бидай сатып алады. Біз олардан дәрі-дәрмек, көлік шанағы, вакцина, тыңайтқыштар мен электр құрылғыларын жеткіземіз. Еуроодақ басшысы 29 мамырдан 2 маусымға дейін Орта Азия елдерін араламақ. Ол Тәжікістан мен Өзбекстанға да соғады.

Дональд ТУСК, ЕУРОПАЛЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:

Қазақстан – өңірдегі Еуропалық Одақтың негізгі серіктесі. Елдеріңіз Батыс пен Шығыстың, Ресей мен Оңтүстік Азияның арасындағы көпір болып саналады. Еуропалық одақ - Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктесі. Еуропалық одақ елдері жуырда Қазақстанмен серіктестікті және ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімді ратификациялайды. Біз оны жүзеге асыруды бастадық.

М. Дюсекина