Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

"ҚазАгро" холдингі шығынға жұмыс істеуде - Есеп комитеті

AstanaTV
31.05.2019ж. 20:00
2640
"ҚазАгро" холдингі шығынға жұмыс істеуде - Есеп комитеті

Шығын көп, бірақ қызметкерлері қомақты сыйақы алады. Сенаттың қаржы және бюджет жөніндегі жиналысында «ҚазАгро» холдингінің соңғы екі жылда шығынға жұмыс істеп келе жатқаны айтылды. Бірақ 2017 жылы компания қызметкерлеріне жалпы сомасы 2 млрд теңге сыйақы берген. Сенатор Нұрлан Қылышбаевтың осыған қатысты сұрағына холдинг жетекшілігі жазбаша жауап қайтарамыз деді. Депутаттар шаруаға субсидия екінші деңгейлі банктер арқылы 7-8 пайыздық үстемемен жететінін де сынға алды. "2020 жылға қарай шығынды қысқартып, тығырықтан 10 жылдық стратегиялық жоспар арқылы шығамыз" деген «ҚазАгро» басшылығы "субсидияны бізден көп беріп жатқан ешкім жоқ" дейді.  

Ербол ҚАРАШҮКЕЕВ, «ҚАЗАГРО» ҰБХ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: 

Былтыр 400 млрд теңге ауыл шаруашылығына қаржыландыру берілді. Сол 400 млрд теңге. Негізі жеке меншік банктер салаға шаққан кезде 15 ақ пайызын берген. 85 пайызын біз беріп отырмыз. Бәрі жеткізілді. Ауылға жеткізіліп, ауылдағы тауар өндірушілер ақшаны алды.

Былтыр ауыл шаруашылығындағы ғылым саласына 4,1 млрд теңге бөлінсе, оның 70 пайызы игерілмеген. Ветеринарлық мамандықтарға гранттар бөлінбеген. Ұсыныс білім министрлігіне енді беріліп жатыр екен. "Қазагроны» қосқанда, 27 акционерлік қоғам былтыр 1,5 трлн теңгеге шығын шеккен. Дегенмен есеп комитеті Үкіметтің игерілмеген жалпы қаржысы 2017 жылмен салыстырғанда едәуір төмен дейді.  

Нұрлан НҰРЖАНОВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ МҮШЕСІ:  

Егер 15 млрд теңге 2017 жылы игерілмеген болса, 2018 жылдың қорытындысымен 1,5 млрд теңге қалып отыр. Бұл дегеніміз қаржы министрліктер тарапынан, қаржы министрлігі тарапынан тиісті жұмыстың атқарылғаны. Бұл жерде біздің айтайын дегеніміз - қаржының игерілуінен бөлек, тиімділігін қамтамасыз ету мәселесіне басты көңіл бөлу керек.

А. Сейфулла