Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Кандидат Т.Рақымбековтың өңірлік штабы арнайы форум ұйымдастырды

AstanaTV
31.05.2019ж. 20:00
1440
Кандидат Т.Рақымбековтың өңірлік штабы арнайы форум ұйымдастырды

Жастар арасындағы жұмыссыздық, баспанамен қамту және ұлттық құндылықтарды сақтау! Аталған проблемаларды көтерген Президентікке үміткер Төлеутай Рақымбековтың өңірлік штабы арнайы форум ұйымдастырды. Орал қаласында өткен жиында ауыл жастарына жағдай жасалу түйіткілдері де сөз болды. Әйтпесе, қазіргідей жаппай урбанизацияның салдары шағын елдімекендердің жойылып кетуіне әкелуі мүмкін дейді кандидаттың жақтастары. Сондай-ақ олар ауыл шаруашылығында еңбек етіп жүрген жастардың жоғары білім алуыны мүмкіндік жасап, шалғайдағы ауылдардың тіршілігіне жаңа серпін беруді көздеп отыр.  

Әйгерім ІЗБАСАРОВА, ЖӘҢГІР ХАН АТЫНДАҒЫ БҚАТУ СТУДЕНТІ:

Қазіргі таңда өзіміз білетіндей ауылдың жастары көбінесе жұмыссыз болып келеді. Осы мәселе тұрғысынан ауыл жастарын жұмыспен қамту мәселесі де толық қарастырылған болатын. Сонымен қатар, жанұя мен ана өмірі, қоғамдық өмірде толық өзінің рөлін жақсарту мәселесі де қарастырылған болатын.

Н. Біләл