Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Жамбыл Ахметбековтың жақтастары мұғалімдермен кездесті

AstanaTV
31.05.2019ж. 20:00
2366
Жамбыл Ахметбековтың жақтастары мұғалімдермен кездесті

Ең ұзын көшедегі кездесу. Бүгін Жамбыл Ахметбековтың жақтастары мұғалімдермен кездесіп, оларды сайлауға белсене қатысуға үндеді. Коммунистер алдымен ТМД елдеріндегі ең ұзын көшемен жүріп өтті. Алматы облысының Текелі қаласындағы Дінмұхамед Қонаев көшесінің ұзындығы 35 шақырым, әрі ТМД елдеріндегі ең ұзын көше саналады. Ұстаздар қауымы коммунистердің сайлауалды бағдарламасы көңілінен шыққанын жеткізді. «Батыстың зиянды ықпалымен күрестің ең тиімді жолы - кітап оқу мәдениетін қалыптастыру», - дейді олар. Сонда мұғалім мәртебесі де өсер еді десті.  

Мерейлім ҚАБЫЛҚЫЗЫ, МҰҒАЛІМ:

Біздің түсінгеніміз партияның негізгі мақсаты - Батыстың жалған құндылықтарынан бас тартып, біздің балаларымызға көп көңіл бөлу болып табылады екен. Жас ұрпақты қазақ әдебиетімен таныстыру, әдебиетті көптеп оқыту, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлу бұның барлығы мектептен басталады. Сондықтан да партияның негізгі бағдарламасы бізге көңілге қонымды деп айта аламын.

Е. Карин