Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Астанада 8 жасар қыз бассейнге батып кетті

AstanaTV
03.06.2019ж. 20:00
3798
Астанада 8 жасар қыз бассейнге батып кетті

Астанада 8 жасар қыз бассейнге батып кетті. Қайғылы оқиға «Хан шатыр» ойын-сауық орталығындағы «Скай бич» жабық жағажайында болған. 200-ден астам оқушы №10 мектеп-гимназияның жанындағы лагерь бағдарламасымен келген еді. Оларды 24 тәлімгер алып жүрген. Ішінде кейбірінің ата-анасы да болыпты.

Дулат ЖЕКЕБАЕВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ата-аналар өтініш жазып, өздері сол өтінішінде көрсеткен балаларымыз осы Ханшатырдағы жүзу бассейніне барса деген. Себебі барған оқушылардың арасында мектептегі мұғалімдермен қатар, бірнеше ата-ана өкілі де бірге болған. Құтқарушылар болған. Жұмыс істеген.

Дулат Жекебаевтың сөзінше, опат болған бүлдіршін көпбалалы үйдің тұңғышы. Бірінші сыныпты бітірген беті екен. Қара жамылған отбасына басқарма жан-жақты қолдау көрсетеді, деді. Оқыс жағдай туралы хабар полицияға күндізгі сағат 11 жарымда келіп түсті, дейді департаменттің баспасөз хатшысы. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

София ҚЫЛЫШБЕКОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Қылмыстық кодекстің 141 бабы, яғни оларды міндеттерін тиісті орындамай, бала өміріне және денсаулығына зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Баптың санкциясы 5 жылға бас бостандығынан айыру көзделген.

Ал «Хан шатыр» әкімшілігі түсірілім тобын орталықтың ішіне кіргізбек түгілі, сыртында да тұрғызбады. Камераны жинауды сұраған белгісіз адам өзін таныстырғысы да келмеді.

Д. Қайыртай