Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Құлағы нашар еститіндер Түркістанда оқуға қарсы

AstanaTV
03.06.2019ж. 20:00
3341
Құлағы нашар еститіндер Түркістанда оқуға қарсы

Шымкентте мылқау балалардың ата-аналары әкімдікке келіп шу шығарды. Олар Түркістанда оқуға қарсы. Кәсіптік білім алуға оларға грант сол жаққа бөлінген. Негізі олар – Төлеби ауданы Леңгір қаласындағы құлағы нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернатын бітіргендер. Ата-аналардың айтуынша, көпшілігінің тұрғылықты жері – Шымкент қаласы. Сондықтан балалар көз алдымызда оқығанын қалаймыз, дейді. Осы өтініштерін облыстық білім басқармасына қарасты мекемеге айтып, желтоқсан айынан үш рет өтініш жасаған. Алайда нәтиже шықпаған соң, қала әкімінен көмек сұрауға мәжбүр.

Жанар СМАНОВА, АТА-АНА:

Ол жақта бұрыннан бері балалар оқымаған глухонемой балалар, инклюзив жоқ, специалистер жоқ, ол бірден. Екіншіден, бұлар 11 жыл он жыл үйде емес, интернатта болған. Енді мынау қасымызда болатын шығар деп ойладық. Оған да мүмкіншілік бермей жатыр ғой .

Бұл мәселеге қатысты қалалық білім басқармасы түсінік берді. Олар арнайы мектеп облыс қарамағына қарайтын болғандықтан сәйкесінше грант облыстан қаралған деді. Десе де ата-анардың талабын қанағаттындыруға уәде беріп отыр. Ал облыстық білім басқармасындағылар мемлекет қаржысы бөлінген мекемелерде саңырауларға жағдай жоқ дегенмен келіспейді.

Рахия АСАНОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Олардың келмейміз деп жатқаны Түркістанға келмейміз,сасып кеткен, шіріп кеткен дейді. Әкімнен бастап тұрып жатырмыз. Бүкіл мемқызметкерлер орсында жұмыс жасап жатыр. Сондықтан олардың негізсіз.. егер қаржы қаралмай, далаға тастаса мақұл. Қаржы қаралды. Осында келіп оқуы керек. Оның үстіне біз Түркістан облысының маңызын арттыруымыз керек.

А. Төребекқызы