Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Зенит» зауыты жұмысшыларын қысқартып жатыр

AstanaTV
03.06.2019ж. 20:00
3176
«Зенит» зауыты жұмысшыларын қысқартып жатыр

Оралда «Зенит» зауыты мемлекеттік тапсырыс жоқтығынан жұмысшыларын қысқартып жатыр. Бүгіннің өзінде 100 адам жұмыссыз қалса, аз уақыттан кейін олардың қатарына тағы 200 жұмысшы қосылуы мүмкін. Бұл туралы арнамызға кеме жасаушы кәсіпорынның өкілдері хабарлады. «Зенит» зауыты жақында Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметіне кезекті 30-шы кемесін салтанатты түрде тапсырған еді. Арада ай өтпей жатып, зауыттың тапсырыссыз қалғаны белгілі болды. «Зенит» еліміздің теңіздегі шекарасын күзетер әскери кемелерді құрастырады. Мыңға тарта жұмысшысы бар іргелі зауытты тоқыратпай ұстау үшін мемлекеттік тапсырыс тұрақты болуы керек. Әйтпесе мұндай алып кешенді шағын тапсырыстармен ұстап тұру мүмкін емес. Қалыптасқан жағдайдан жергілікті билік те хабардар. Олар бұл мәселенің бұған дейін де көтерілгенін айтты.

Исатай БАҚТЫГЕРЕЕВ, БҚО КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Бүгінде Батыс Қазақстан облысы әкімдігі кәсіпорынға қажетті тапсырысты іздестіру және қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатыр, Бұл мәселе орталық мемлекеттік органдардың назарында. Тіпті үкімет деңгейінде, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінде бірнеше рет көтерілді.

Е. Карин