Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Жамбыл облысы республикалық бюджетке айтарлықтай тәуелді - Президент

AstanaTV
03.06.2019ж. 20:00
1588
Жамбыл облысы республикалық бюджетке айтарлықтай тәуелді - Президент

Жамбыл облысы республикалық бюджетке қарап отыр. Ал, орташа айлық көрсеткіші бойынша да ең төменгі орында тұр. Бүгін өңірге жұмыс сапармен келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Ол жаңа жұмыс орындарын көптеп ашуды тапсырды. Бұл ретте бизнестің ықпалы зор екенін түсіндіріп, елдегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды жүктеді. 

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:  

Аймақ республикалық бюджетке айтарлықтай тәуелді болып отыр. Облыстағы орташа жалқының мөлшері елдегі ең төменгі көрсеткіштің бірі. Яғни, 112 мың теңге. Қазір еңбекке жарамды әрбір үшінші тұрғын өзін өзі қамтыған. Олардың табысы жоғары деп айту қиын. Сондықтан барлық жергілікті жердегі әкімдерге осы мәселені реттеуді ескертемін.

Жамбыл жері аграрлық секторға қолайлы. Қант қызылшасы мен жеміс-көкөніс дақылдарының көлемін көбейту керек деді. Өйткені, Үкімет келесі жылдан бастап шетелден келетін қантқа импорттық баж салығын салмақ. Сондықтан, аймақ басшысына қант қызылшасы мен көкініс алқаптарын көбейтуді әрі өңдейтін кәсіпорындар қуатын арттыруды тапсырды. 

Д. Әлімқұл