Қазақстанда
шамамен 16 600-ге жуық мүмкіндігі шетеулі бала ата-ана қарауынсыз қалып,
интернаттарда тұрып келеді. Өз кезегінде қоғамда да осы санаттағы балаларға
тиісті жағдай әлі де толық жасалмаған. Бүгін «Нұр Отан» партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракциясы жанындағы әлеуметтік кеңесі «Мүгедек балалардың құқығын
заңнамалық қамтамасыз ету» тақырыбында отырыс өткізді.
Бүгінде 81 мыңнан астам
кәмелет жасына толмаған мүгедек жасөспірім бар. Ол елдегі мүмкіндігі шектеулі
жандардың шамамен 12 пайызын құрайды. Ал, сандық динамикаға келсек, соңғы 5
жылда бірқалыпты сақталып тұр, - дейді мамандар. Осыған орай жиналғандар осы
топтағы балаларды оқытуда бірсыпыра жаңашылдықтардың керек екенін алға тартып
отыр. Мысалы, инклюзивті білім берудің нормативті құқықтық басқаруы әлі күнге
жоқ. Оның үстіне білім алып жатқандардың тек бір бөлігі ғана арнайы мамандықпен
қамтылған. Дегенмен, жалпы алғанда Қазақстан халықаралық ұйымдар талабынан көш
қалмаған.
Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қоғау вице-министрі:
81
мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі балаларымыз бар. Туа біткен ауру 29,7 пайыз,
нерв жүйесінің ауыруы 28,8 пайыз және психикасының бұзылуы 15,6 пайыз. Олардың
үлесіне 74,1 пайыз кіреді. Қазақстанның саясаты жалпы халықаралық ұйымдардың
балалар мен әйелдерді қолдау стандартына сәйкес жүргізіліп отыр.