Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Ә. Қосановтың Ақтөбедегі штабы демалысқа қарамай жұмыс істеп жатыр

AstanaTV
03.06.2019ж. 20:00
1761
Ә. Қосановтың Ақтөбедегі штабы демалысқа қарамай жұмыс істеп жатыр

Президенттікке кандидат Әміржан Қосановтың Ақтөбедегі штабы демалысқа қарамай жұмыс істеп жатыр. Науқанға 5-ақ күн қалғандықтан кез келген уақытта сайлаушыларды қабылдап, сұрақтарына жауап беруде. Халықты негізінен үміткер тұғырнамасындағы өңірді дамыту және еңбек адамының мәртебесі мәселелерінің шешу жолы мазалайды. Әлеуметтік жағдайға қатысты көп сұрақ қойылады. Бұдан бөлек штабтарда бақылаушылар оқытылып жатыр. 

Амантай ТӘЖКЕНОВ, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ Ә.ҚОСАНОВТЫҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ШТАБЫНЫҢ ӨКІЛІ: 

Демалысқа қарамай жұмыс істеп жатырмыз. Сондай-ақ, аудан орталықтары мен ауылдарда да штабтарымыз бар. Олар да жұмыс істеп тұр. Бұдан бөлек, бақылаушыларды оқытып жатырмыз. Жұмыс жүріп жатыр.

Айтқали ИТАЛИЕВ, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ Ә.ҚОСАНОВТЫҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Соңғы бір жеті қалды. Соған байланысты қысқаша жұмыстарымызды айтып кетуге болады. Қазіргі таңда сайлау учаскелерінің бақылаушылары толық қамтылды.

А. Сейфулла