Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Семей өңірінде кәсіподақтар жұмысы жолға қойылмаған - кандидат А. Таспихов

AstanaTV
03.06.2019ж. 20:00
1711
Семей өңірінде кәсіподақтар жұмысы жолға қойылмаған - кандидат А. Таспихов

Елімізде ветеринар, агроном, және білікті техниктер тапшы. Басты себеп - жалақының аздығы. Осының кесірінен бұл салаға жастар барғысы келмейді. Бұл мәселені шешу үшін түрлі мемлекеттік бағдарлама қабылданғанымен, әзірге нәтижесіз. Президенттікке үміткер Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілдері Семей өңіріндегі ірі агрокешен жұмысшылары мен білім саласы қызметкерлерімен кездесіп, осы мәселеге кеңінен тоқталды. Бүгінде еліміздің ауыл шаруашылығы саласында жүздеген мың адам еңбек етеді. Өкінішке қарай, саладағы кәсіподақ ұйымының жұмысы әлі оң жолға қойылмаған. Мысалы, кәсіподақ мүшелерінің саны жұмысшылардың 7-ақ процентін құрайды екен. Ал өңірдегі білім ошақтарында кәсіподақтың 400-ден астам салалық ұйымы жұмыс істейді. Оған 25 мыңға жуық маман мүше екен.  

Совет ЫБРАЕВ, САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:  

Мәселе еңбекақы көтеру жағынан .Жұмысшылардың жағдайын көтеру және еңбек қорғау жағынан. Білім саласын алсақ, ондай проблемалар бар. Көп туатыны - мұғалімдердің жалақы мәселесі.

Е. Карин