Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Атырауда браконьерден бекіре тұқымдас ірі балық тәркіленді

AstanaTV
21.04.2016ж. 20:00
1649
Атырауда браконьерден бекіре тұқымдас ірі балық тәркіленді

Атырауда Каспий теңізінен олжалы оралған браконьердің жолы болмады. Моторлы қайығына салмағы 142 келі тартатын алып қорытпа балығын тиеп келе жатқан оны балық инспекторлары тоқтатты. Заңсыз балық аулаған тұрғын кеше түнде қала маңындағы Дамбы кенті маңынан ұсталған. 26 жастағы азамат бекіре тұқымдас қорытпаны бірнеше бөлікке бөліп тастапты. Тәркіленген бағалы балықтың кеспелері бекіре балық өсіру зауытына өткізілді.

Тиым салынған бекірені аулағаны үшін, Атырау қаласының тұрғыны жауапкершілікке тартылмақ. Айта кетейік, қазір аймақта «Бекіре-2016» іс-шарасына орай күзет күшейтілген.

Жақсылық Сикимов, Атырау облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының прокуроры:

Каспий теңізі бағытынан екі ілмелі моторымен Иран байдасы ауыл маңына тоқтады. Біз барып тексерген кезде 100 келіден асатын ірі бекіре тұқымдас қорытпа балығын тәркіледік. Қазір тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ 

Келесі жаңалық