Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Оралда балалардың жарақат алу дерегі көбейіп барады

AstanaTV
21.04.2016ж. 20:00
2001
Оралда балалардың жарақат алу дерегі көбейіп барады

Оралда балалардың жарақат алуы көбейген. Дәрігерлер өткен жылмен салыстырғанда оқыс жағдайлар 24% артқанын айтады. Әсіресе ойнап жүріп күйіп қалған, ит қауып алған, сондай-ақ, құлап аяқ-қолын сындырған бүлдіршіндер саны жиілеп барады. Бұған алдымен сәбиін қараусыз қалдырған ата-ана кінәлі,- дейді дәрігерлер. Ойын баласы қолы жететін жерде тұрған сынап пен марганец ерітіндісін, химиялық жуғыш заттарды су деп ішіп уланып жатады. Оларды емдеп жазу да оңай емес.

Осындай келеңсіздіктің алдын алу мақсатында дәрігерлер кішкентай сәбиі бар үйлерді аралауға кіріскен. Ата-аналарға түсіндіру шаралары жүріп жатыр. Ең алдымен қауіпті заттарды баланың қолы жететін жерге қоймауды ескертеді. Дәрігерлер дерегінше, тұрмыстық жағдайда жарақат алған әрбір бесінші бала өмір бойына мүгедек болып қалады. Оқыс жағдайда жазым болған балалар саны жұқпалы аурулардан көз жұмған адамдардан да көп екен.

Марат Жұмабаев, БҚО денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс балалар травматологы:

Аурухана жанынан дербес травмотологиялық пункт ашу қажеттігі туындап отыр. Бұл бөлім бұған дейін хирургиялық бөлімшемен бірге болды, екі хирург науқастарды қабылдап үлгеретін. Енді жарақат алған балалар саны артқасын қосымша травмотолог мамандар бөліне бастады.

Еркін КАРИН