Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Алматыда айт намазына он мыңдаған адам жиналды

AstanaTV
05.06.2019ж. 20:00
2315
Алматыда айт намазына он мыңдаған адам жиналды

Бүгін таң сәріде Қазақстан Президенті еліміздің игілігі үшін жамағатпен бірге дұға жасады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ораза айт мерекесінде «Нұр Астана» мешіті мен «Астана» медресе колледжіне барды. Студенттермен әңгімелескен Президент оқу және жатын орындарының жағдайын сұрады. Тоқаев мұндай оқу орнында оқитын шәкірттер ынталы әрі тәрбиелі болуы керектігін атап өтті.

- Сіздерді қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын. Аспанымыз ашық, жақсылықтар мол болсын, бақ-береке тілеймін. Келесі Рамазан айына басымыз аман, бауырымыз бүтін, халқымыздың төрт құбыласы түгел жетуге нәсіп етсін. Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!

Алматы қаласындағы 50-ге жуық мешітте де бүгін айт намазы оқылды. Мерекені көңілді өткізу үшін- мешіт аулаларында түрлі ұлттық ойындар мен жарыстар ұйымдастырыпты. Рамазан айы биыл 6-шы мамырда басталған. Ол 29 күнге созылды. Бұл күндері- елдегі 2,5 мың мешіттің барлығында тарауық намаздары оқылып, "Құран-қатым" түсірілген. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы- адам басына 300 теңгеден пітір садақа бекіткен болатын. Айта кетейік, үш күнге созылатын Ораза айт мерекесінен соң, мұсылман қауымы үшін- 6 күндік нәпіл ораза сүннет етілген.  

Еркінбек қажы ШОҚАЙ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ:  

Алла тағала бүгінгі қуанышымызды баянды етсін. Бұл бауырмалдық, ынтымақ, ренжіскендер жарасатын, бір-бірімізді құттықтайтын, байланысы біраз үзіліп қалған, достар, туыстар бір-бірімен байланысып, достық, туыстық қарым-қатынастарды нығайтатын күн.

М. Дюсекина