Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ұлттық құндылықтарды ұлықтайық! - кандидат С.Түгел

AstanaTV
04.06.2019ж. 20:00
2436
Ұлттық құндылықтарды ұлықтайық! - кандидат С.Түгел

Ұлттық құндылықтарды ұлықтау үшін домбыраны үйрету әрбір білім ошағында жеке пән ретінде оқытылуы қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бабалар аманатына берік болмақ. Бүгін Атырау қаласының тұрғындарымен кездескен Қазақстан Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгел осылай мәлімдеді. Ол ұлттық құндылықтарды мектеп бағдарламасына 1 сыныптан бастап енгізуді бұған дейін де ұсынған еді. Ал көшпелі елдің көне шежіресі саналатын домбыраның орны ерек. Сондықтан жас буын бұл аспапты ойнаумен шектелмей, оны жасауды да жастайынан меңгеруі керек. Тұрғындардың жүрегінен жол тапқан президенттікке үміткер он саусағынан өнер тамған хас шебер Тұллан Бейсенбаевтың шеберлік сабағын да ұйымдастырды. Осылайша күй атасы Құрманғазының туған жерінде күй күмбірледі.

Сәдібек ТҮГЕЛ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР: 

Біздің мақсат - сол рухани байлықты жиып-теріп сол ата-бабадан қалған қаз қалпында Құрманғазы атамыз, Дина апамыз жинаған сияқты болашақ ұрпаққа аманат етіп тапсыруымыз керек. Егер сол домбыраға үйретсек, онда жерді сүюге, өзінің отанын сүюге, өзінің ұлтын, салт-дәстүрін сүюге тәрбиелейміз.

Е. Карин