Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Жыл басынан бері 76 адам суға батқан

AstanaTV
05.06.2019ж. 20:00
1965
Жыл басынан бері 76 адам суға батқан

Жыл басынан бері елде 76 адам суға кеткен. Оның 40-ы жасөспірім. Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы айтты. Владимир Беккердің сөзінше суға ағып кеткендердің 27-сі балық аулау кезінде, 22-сі шомылып жүріп, ал 2 адам басқаны құтқарам деп опат болған. Қазақстанда демалушылар мен балықшылар баратын 50 мыңға жуық өзен-көл бар. Ал құтқарушылардың саны - 1380 ғана. Яғни су қоймаларын мамандармен толықтай қамту мүмкін емес деді Беккер. Сондай-ақ, суға батып кеткендерді есепке алу жүйесі осы жылдан бастап өзгертілгенін айтты.  

Владимир БЕККЕР, ҚР ІІМ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Біз енді статистиканы басқаша жүргіземіз. Бұрын біз суға шомылу кезінде қаза тапқандарды ғана есепке алатынбыз. Ал енді өкпесіне су жиналып өлгендердің бәрін тіркейміз. Сонда біз қай жерде қандай профилактикалық жұмыстар жүргізу керектігін түсінеміз.

Д. Қайыртай