$494.87 €520.65 ₽4.91
×

А. Таспихов үгіт-насихатты Алматыда жүргізді

AstanaTV
05.06.2019ж. 20:00
2265
А. Таспихов үгіт-насихатты Алматыда жүргізді

Өндіріс орындарында болатын оқыс оқиғаларды тексеру жөніндегі комиссияда кәсіподақ өкілдері міндетті түрде болу керек. Бұл тергеудің ашық әрі әділ өтуіне септігін тигізеді. Алматы қаласының тұрғындарымен кездесу барысында президенттікке кандидат Аманкелді Таспихов осылай деді. Сондай-ақ кандидат «Қауіпсіз еңбек» жобасын үкіметтік деңгейде қабылдатуға күш салмақ. Айта кетсек, әлемде жыл сайын еңбек қауіпсіздігі сақталмау себебінен 2 миллион 300 мың адам көз жұмады. Ал елімізде 1500 мың адам жұмыс орында жарақат алса 200 ге жуық еңбеккер қайтыс болады.

Аманкелді ТАСПИХОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР: 

Олардың қалдары мүшкіл. Оларға ары қарай өмірге бейімделетін өмірде қолдарын ауызына жеткізетіндей деңгейде өмір сүретін мүмкіншілік жоқ. Оған жұмыс бреушілер жауап бермейді. Заңды түрде белгілеу керек деп ұсыныс айтып жатырмыз. Жұмыс бреуші әр уақытта жауап беру керек. Және қылмысытық іс ретінде жауап беру керек деп ұсыныс айтып жатырмыз.

Ә. Өмірзақ