Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Бюджет қаржысын дұрыс игермеген министрлерді тікелей жауапқа тарту керек - Депутаттар

AstanaTV
05.06.2019ж. 20:00
1915
Бюджет қаржысын дұрыс игермеген министрлерді тікелей жауапқа тарту керек - Депутаттар

Бюджет ақшасы ағылшын тілінен сабақ беретін ұстаздарға әділ төленбейді. Қазына қаражатаның игерілуіне қатысты Үкімет есебін тыңдаған депутаттар осылай деді. Спикер Нұрлан Нығматулин қашқын министрлерді де ұстап берді. Төменгі палатаның жалпы отрысынан Нұрсұлан Біләл тарқатады.  

- Айт құтты болсын! Айт қабыл болсын!

Шенеуніктер мәжіліске айттап келген жоқ. Республикалық бюджеттің орындалуы туралы есеп тыңдауға жиналып жатыр. Депутаттар бюджеттің әр тиынын санауға дайын келіпті. Үкімет мүшелері сұрақтардың астында қалды.  

Жәмила НҰРМАМБЕТОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: 

Тілдік оқу курстарынан өткен 6740 мұғалімнің 818-і ғана сабақты толығымен ағылшын тілінде беріп жүр. Ал қалған педагог тек жеке элементтерді ғана ағылшынша өтеді. Алайда, осы екі санаттағы мұғалімдер айына бірдей үстемақы яғни 35 394 теңге алады. Осыдан кейін үстемақы алудың жалғыз критерийі білім сапасы емес, сертификат қана ма деп қаласың. Осыған байланысты айтыңызшы, ағылшын тілін әртүрлі деңгейде оқытатын мұғалімдер неге бірдей ақша алады?

Ал, Үкіметтің есебінше 2018 жылы тілдік курстан өткені туралы сертификат алған 8 мыңға жуық мұғалімге үстемақы төлеу үшін республикалық бюджеттен 1,6 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінді. Депутат сауалын жылы жапқысы келген Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидиноваға мәжіліс спикері ондай мүмкіндік бермеді. Саладағы өзге де проблемаларды айтып бетіне басты. 

  - Мы над эти вопросом работаем, спасибо за вопрос, это правильный вопрос.  

- Что там обсуждать? Пока вы там обсуждаете, 1,6 млрд. уже заплатили.

- Я понимаю, но этот вопрос уже принят, и учитилям уже платят. В середине учебного года мы уже не смогли остановить.

- Куляш Нагитаевна, получается, вы доплачиваете не за знание языка, а за бумажку формата А4 под названием сертификат.

Бүгін осы мекеменің тағы бір сыры ашылып қалды. Министр сабақтан қашатын оқушы секілді, Үкімет сағатына қатысудан қашқақтап жүрген көрінеді.   

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:  

Үкімет сағатын кейінге шегеру туралы өтініштеріңізді жолдағанды доғарыңыз, осындай жағдай бірнеше мәрте қайталанды. Парламенттен қашудың қажеті бар ма? Білім және ғылым министрлігінің есебін Мәжілісте тыңдайық. Күләш Ноғатайқызы қыркүйекте сіздерді Мәжілістегі Үкімет сағатында күтеміз. Балалар қыркүйекте мектепке барса, сіз Мәжіліске келетін боласыз.

Мәжілісмендерді Цифрландыру мәселесі де аландатпай қоймады. "Азаматтарға арналған үкімет" жобасы да сынның астында қалды. Жоба бір жылда 356 сағат яғни 45 жұмыс күні бойы істемей тұрған. Сөйтіп, халық электронды қызметке зар болып қалған көрінеді. Депутаттар бюджет қаржысын дұрыс игермеген минстрлерді тікелей жауапқа тарту керек деп отыр. Мұндай заң келесі күзде күшіне енеді.

Н. Біләл