Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстанда бюджет тапшылығы орын алуы мүмкін

AstanaTV
06.06.2019ж. 20:00
2586
Қазақстанда бюджет тапшылығы орын алуы мүмкін

Қазақстанда бюджет тапшылығы болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін сенат спикері Дариға Назарбаева айтты. Оның сөзінше әлемдік экономикадағы құбылыстар мен шикізаттың арзандауы алдағы уақытта мемлекет қазынасына соққы болады. Сенат спикері бұған аландаушылық білдіріп, үкіметті бірігіп дағдарыстың алдын алуға шақырды. Айта кету керек, бүгін доллар рекордтық бағам, яғни 383 теңгеге жетті.

Дариға НАЗАРБАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Қазіргі таңда мемлекет алдында бірқатар маңызды мәселелер тұр. Барлық әлемдік сарапшылар жаһандық экономиканың құлдырауын болжап отыр. Жаз мезгілінің соңында күзге қарай жаңа дағдарыс болуы мүмкін. Көз алымызда шикізат ресурстарының бағасы арзандауда. Бұл ретте бюджеттің әлеуметтік бөлігіндегі шығындар ұлғайды.

Ал Нұрсұлтан Назарбаев бүгін «Құрметті Сенатор» атанды. Жоғарғы палатаның жалпы отырсында спикер әкесіне төсбелгі мен куәлік табыстады. Биыл мамыр айының соңында Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті Сенатор» мәртебесі берілген болатын.

Н. Біләл