Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстан мен Аризона штатының сауда қатынасы дамиды

AstanaTV
06.06.2019ж. 20:00
2426
Қазақстан мен Аризона штатының сауда қатынасы дамиды

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы Қазақстанға жаңа мүмкіндіктер ашуы мүмкін. Аризона штатының сенаторы Ребекка Риос осылай деді. 90-жылдары Аризона Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бірі болған. Қандай да бір себептермен үзіліп қалған байланысты қайта жаңғырту үшін АҚШ-тан келген делегация Шымкент, Түркістан, Алматы, Өскемен қалаларына да бармақ.   

Ребекка РИОС, АҚШ АРИЗОНА ШТАТЫНЫҢ СЕНАТОРЫ:

АҚШ пен Қытай арасындағы болып жатқан жағдайлар керісінше Қазақстаннан Аризонаға тауарларды көбірек экспорттауға мүмкіндік туғызады. Сауда соғысына қарамастан біздің штат пен Қазақстан арасындағы байланыс дами береді. Себебі Қазақстан өз алдына бөлек мемлекет. Сондықтан оның бірегей мүмкіндіктері бар.

Аризона штаты Қазақстанның тау-кен өнеркәсібіне 3 млрд долларға жуық инвестиция құймақ. Яғни осы салада біз Қытайды аздап алмастыра аламыз дейді, стратегиялық бастамалар орталығының өкілі Бақытжан Сәркеев. Одан бөлек ауыл-шаруашылығы, білім беру, аэроғарыш салаларында да бірлескен жобалар жүзеге асырылады. Қазақстан мен Аризонаның климаттық жағдайы ұқсас. Құрғақшылық, суармалы су жетіспеушілігі жағдайларында егіншілікті бірге дамытуға мүмкіндік зор.

Бақытжан СӘРКЕЕВ, ҚР СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСТАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖОБАЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ:

Тау-кен өндірісінің жобаларының ең бастапқы соммасын біз 2-3 млрд доллар деп отырмыз. Бірақ ол негізгі сомма емес. Одан да жоғары болуы мүмкін. Мыс өндіру саласы әрине «Қазақмыспен» байланысты. Сондықтан ол Қарағанды облысымен, Жезқазған өңірімен байланысты болуы мүкін.

А. Сейфулла