Астанада 4 балалы ана бірнеше күннен бері далада түнеп жүр. Кәсіп бастамақ болып белін бекем буған жалғызбасты ана алаяқтарға алданып қалғанын айтады. Шиеттей балалармен далада қалған отбасына маңайдағы адамдар күрке тігіп беріпті. Нұрсұлтан Біләлдің бейнематериалы.
Ақбаян Жалмұрзаева мына лашықта бір аптадан бері 4 баласымен тұрады. Астанада 17 жыл бұрын келген. 10 жыл үй кезегінде тұр. Күйеуі ащы суға салынып, көше жағалап кеткен. Ақбаян бүлдіршіндерді аш қалдырмас үшін, азық-түлік дүкенін ашады. Дүкен иесі жалдау ақысын екі айға артығымен алады. Кейін келіншекті қуып шығады. Тіпті сөредегі тауарды ды шығарып тастаған.
Ақбаян ЖАЛМҰРЗАЕВА, КӨП БАЛАЛЫ АНА:
Анамның қанша пенсиясын алдым, ақшасын алдым, қарызға батырдым. Алды ақшаны енді заңсыз мені мына жерден шығарып тұр.
Сөйтіп күнделікті табыстан қағылған әйел тұрып жатқан жатақханаға қарыз болып қалады. Жалғызбасты ананы олар да 4 баласымен қуып шығады. Қожайын Ақбаянды танымаған кейіп көрсетті.
-Неге 4 баласымен ананы шығарып жібердіңіздер?
-Е біз не әкімшілікпіз бе? Оған общежития. Айлығын төлемейді. Қанша ай болды. -31-інде төлеуі керек қой. -31 төлемеген. енді не пришли?
Аудандық әкімдік те мән-жайды өз көздерімен көрді. Қызметкер отбасына көмектесуге келгенде, иығын қиқаң еткізді.
- нет только сейчас мы узнали про эту ситуацию о том что... Того что выселили с общежития я не знаю.
Енді Ақбаянның ісімен адврокат айналысады. Ол дүкен қожайынын сотқа тартпақшы.
Ахметол ДЕМЕРХАТ, ЗАҢГЕР:
Ол кісінің істеген жұмысын сот арқылы мойындату, содан кейін моральный ущерб материальный ущерб. Осыған дейін 750 мың теңге төлеген заңсыз. Сол ақшаны қайтарып аламыз.
20 жасында тұрмысқа шығып, күйеуімен қол ұстасып Қызылордадан астанаған арман қуып келген Ақбаян әлі де әділдік үшін күресуге әзір.
Н. Біләл