Шымкенттегі авто цистерналарды толтыруға арналған газ құю стансасындағы өрт қауіпсіздік талаптарын сақтамаудан болуы ықтимал. Бұл төтенше жағдай қызметіндегілердің алдын ала болжамы. Әзірге тілсіз жаудан төрт автоцистернаның отқа оранып, бір адамның зардап шеккені белгілі. Нақты шығын мен өрттің себептерін мамандар анықтауға кірісті. Айта кетейік, қазір осы жәйтке байланысты полиция іс қозғады.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Газ құю стансасындағы өрт күндізгі 11-ден өте тұтанған. Төтенше жағдайлар департаментінің ақпарынша тілсіз жау шарпыған аумақ жекеменшік серіктестікке тиесілі.
Сол маңдағы азаматтар түсіріп алған мына бейнекадрлерде өрттің алапат болғанын анық көрінеді. Тіпті жойқын жарылыста болған. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің 90 жеке құрамы мен 21 техникасы жұмылдырылды. Мамандардың мәліметінше, бұл жерде сығымдалған газ сатылып келген. Арнайы мамандар келіп жеткенде сиымдылығы 200 текше метрлік бос екі бөшкенің бірі отқа оранып жатқан .
Нұрболат ДЕРБІСОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫ:
Екіншісін біз суытқанменен, су беріп жаттық охлаждение суытып, соның арқасында біраз үлкен өрттің әрі қарай кетуіне біз оқшаулап отырдық және тағы да сол жерде айтып кететін жағдай, ол жерде 7 текше метрлік автоцистерна жанды. Ол және жарылған жағдайы бар. Одан кейін 50 кубтық екі атвоцистерна жанды.
Төтенше жағдайдың толық күш құрамы жұмылу нәтижесінде бір сағатқа жетпей өрт ауыздықталды. Айта кетейік, оқиға орнында сол мекеменің бір адамы зардап шекті. Денесін жалын шарпыған 20 жастағы жігіт қазір жансақтау бөлімінде жатыр.
Мадина ЕРМАХАНБЕТОВА, Т. ОРЫНБАЕВ АТЫНДАҒЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ҚЫСЫМДЫ ОКСИГЕНАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:
Түскен кездегі диагнозы термиялық күйікпен шалынудың өте ауыр дәрежесінде. Науқас қазіргі таңда жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Науқасқа керекті ем-шараның бәрі жүргізіліп, оған керек дәрі-дәрмектің бәрі 100 пайызбен қамтылған. Науқас сол жерде емін жалғастырады. -Жағдайы қаншалықты ауыр?-Жағдайы өте ауыр.
Апаттың неден болғаны әзір белгісіз. Ола қазір анықталып жатыр. Сондай-ақ келген шығын көлемін де есептеу қолға алынған.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Айта кетейік, бұл газ толтыру стансаларында соңғы екі тәулікте болған ел аумағындағы екінші жарылыс. 5 маусымда Қызылордада автобусқа газ құю кезінде жарылыс болды. Бір адам зардап шеккен болатын.
А. Төребекқызы