$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Дәріхана қожайындары «рецептіні 3 жыл бойы сақтау туралы» ережені кейінге қалдыруды сұрайды

AstanaTV
07.06.2019ж. 20:00
1655
Дәріхана қожайындары «рецептіні 3 жыл бойы сақтау туралы» ережені кейінге қалдыруды сұрайды

Ал Қарағандыда дәріхана қожайындары жаңа ережеге қарсы шықты. Айтуларынша «дәрі рецептісін 3 жыл бойы сақтау мүмкін емес». Өйткені, емханалар электронды рецепт жазуды әлі меңгермеген. Сондықтан дәріхана қожайындары Денсаулық сақтау министрлігінен бұл ережеге мараторий жариялауды сұрайды.

Любовь НЕУМЫВАКИНА, ДӘРІХАНА ҚОЖАЙЫНЫ : 

Дәрігерлер электронды рецепт жазбайды. Қағаз рецептілердің өзі арнайы үлгіде жазылмаған. Қағаздарды 3 жыл бойы сақтау мүмкін емес. 3 жүз адамның рецептісін алып қалсақ, оларға препараттарын қалай ішуді біз жазып беруіміз керек пе? Ең адымен емханаларда электронды рецепт жазылсын, біз сонда ережеге қуана бағынар едік. Ал қазіргі жағдайда фармацевтерге де, науқастарға да қиындық туғызып отыр.

Еске салайық, Денсаулық сақтау министрлігі бұл ережені сәуірдің 15- інен бастап енгізген. Ол «емхана дәрігерлері электронды рецепт жазуды меңгереді», - деген жоспармен бірге жүзеге асуы тиіс еді. Алайда, бүгінде Қарағанды емханаларында электронды рецепт мүлде жазылмайды. Бір топ кәсіпкердің айтуынша, қазір олар қаптаған қағаздарды қайда сақтайтындарын білмей отыр. Фармацевтердің есебінше, күн сайын әр дәріханаға шамамен 200-300 адам рецепті бойынша дәрі алуға келеді. Оның үстіне бір науқасқа бірнеше рецепт беріледі. Ал, елімізде 6 мыңнан астам препарат тек қана дәрігердің ұсынысымен қабылданатынын ескерсек, дәріханалар 3 жыл бойы млн-даған қағазды сақтауы тиіс. Сақтамаса қомақты айыппұл салынбақ. 

А. Қуаш