Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

ОСК ҚР Президенттігіне кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын қорытындылады

AstanaTV
07.06.2019ж. 20:00
2501
ОСК ҚР Президенттігіне кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын қорытындылады

Президенттіктен үміткердің суретін қасақана бүлдірген елордалық азамат әкімшілік жазаға тартылды. Ал әлеуметтік желіде сауалнама жүргізген 3 азамат пен 4 заңды тұлғаға 400 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Бір айға созылған үгіт жұмыстарын қорытындылаған Орталық сайлау комиссиясы осы аралықта қандай заң бұзушылықтар болғанын айтып берді. Ал тікелей байланысқа шыққан облыстық сайлау комиссиялары дауыс беруге тас түйін әзір екендігін жеткізді. Жалпы сайлауалды үгіт-насихат кезінде еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарында 16 мыңдай материал жарияланған. Жеті үміткердің алтауы дәстүрлі ақпарат құралдарын таңдаса, біреуі әлеуметтік желіге күш салыпты.

Болат ДЕМБАЕВ, ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Соттарға сайлау бойынша барлығы 11 өтініш түсті. Мысалы, кандидат Қосановтың штабындағы еңбек дауы бойынша 1 адамның Қызылорда облыстық сотына 3 өтініші келіп түсті. Сот оларды қанағаттандырудан бас тартты. + Егер прокуратураға түскен өтініштер туралы айтатын болсақ, қазіргі уақытта олардың саны 21-ге жетті. 

Е. Карин