Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Халықаралық байқаушылар Д.Еспаеваның сайлауалды штабында болды

AstanaTV
07.06.2019ж. 20:00
1942
Халықаралық байқаушылар Д.Еспаеваның сайлауалды штабында болды

Сайлау әділ әрі ашық өтеді деп сенеміз. Бүгін кандидат Дәния Еспаеваның сайлауалды штабында болған халықаралық байқаушылар осылай деді. Олар «Ақ жол» партиясының атынан ұсынылған тұңғыш әйел кандидаттың бағдарламасына қанық екендіктерін жеткізіп, оған сәттілік тіледі.

Ырыскелді МОМБЕКОВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУШЫ: 

Қазақстан сайлауы тыныш өтсе, бүкіл Қазақстан мемлекеті ұтады. Таза өтсе, демократия ұтады. Қырғыздың жақсы сөзі бар «жаман әйел ерін басқарады, жақсы әйел елін басқарады» деген.

Бүгін штаб үгіт-насихат жұмыстарын қорытындылады. Дәния Еспаева мен оның сенімді өкілдері елдің бірқатар облысын аралады. Ауыл тұрғындарымен, ірі кәсіпорын ұжымымен кездесіп, бағдарламаны таныстырумен қатар, халықтың талап-тілегіне қанықты. 

Дәния ЕСПАЕВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР:

Үміткерді бір айдың ішінде таныстыру өте қиын. Осы жағынан болмаса, қалған жағынан бәрі жақсы өтті деп санаймын. Әрине, мен осы сайлаудан тек жеңіс күтемін.

Азат ПЕРУАШЕВ ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР Д.ЕСПАЕВАНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:  

Мұндай кісіге жалпы экономиканы емес, ірі істерді тапсыруға болады. Біздің ұстанымдарымыз, ұсыныстарымыз сайдаушылар үшін түсінікті және тартымды болып отыр.

Г. Меңдеева