Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Президент сайлауына тұңғыш рет түсіп жатқан әйел кандидат жеңістен үмітті

AstanaTV
09.06.2019ж. 18:00
2078
Президент сайлауына тұңғыш рет түсіп жатқан әйел кандидат жеңістен үмітті

Қазақстанда тұңғыш рет президент сайлауына түсіп жатқан әйел кандидат Дәния Еспаева дауыс беруге әжесімен келді. Бүгін ол пойыздан түскен әжесін күтіп алып, үйінен батасын алып шыққанын айтты. Саяси додаға түскен үміткер өз таңдауын №113-ші учаскіде жасады. Жүзі шаршаңқы көрінген Дәния Еспаева 1 ай бойғы үгіт-насихат жұмыстары кезінде ұйықтамағанын айтты. Дегенмен "Ақ жол" партиясы атынан ұсынылған кандидат ел алдындағы жауапкершілікті толық ақтайтынын мәлімдеді. 

Дәния ЕСПАЕВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР :

Осы тарихта бірінші әйел кандидат болғаным менің де өзімнің жеңісім. Және Қазазақстан әйелдерінің жеңісі. Осы бір ай ұйқтамаған күнімнің қорытындысы. Менің үмітім енді тек қана жеңіс, жеңіске ұмтыламын.  

Ә. Өмірзақ