Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Президенттікке кандидат Әміржан Қоснов сайлау учаскесіне жұбайымен бірге келді

AstanaTV
09.06.2019ж. 18:00
2469
Президенттікке кандидат Әміржан Қоснов сайлау учаскесіне жұбайымен бірге келді

Жеті кандидаттың бірі Әміржан Қосанов та дауыс берді. Сайлау науқаны басталғалы «7 санының маған түсуінде бір мән бар» деген ол таңдауын нөмері 56 сайлау учаскесінде жасады. Кандидат сайлауға әйелі Роза Қосанованы ертіп келді. Жиналған халықтың арасында үміткермен естелік суретке түскісі келгендердің қарасы басым болды. Кандидат бүгін жеңіске жетуге мүдделі екенін айтты.

Әміржан ҚОСАНОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР :

Біз осы сайлаудың аясында мүмкіндігінше белсенді қимылдауға тырыстық. Дәл сол үгіт-насихат жүргізу кезінде тағатын айыбым жоқ. Бірақ ең басты нәтиже осы сайлаудың саяси процесс ретіндегі апогейі, шарықтаған шыңы - ол дауыстарды есептеу және протоколдарды толтыру

Ә. Өмірзақ