Негізгі / Жаңалықтар / Сәді-Бек Түгел дауыс берді

Сәді-Бек Түгел дауыс берді

Президенттікке кандидат Сәдібек Түгел сайлау учаскесіне отбасымен келді. Әйелі мен қызы және 5 немересін ерте келген. Бүгін ол №136 сайлау учаскесінде дауыс берді. "Ұлы дала қырандары" республикалық қозғалысынан ұсынылған президенттікке кандидат өз қарсыластарынан ерекшеленіп, сайлауға ұлттық шапан киіп келді. Үміткерді саяси науқанға халықтың белсенді қатысуы қуантты.

Сәді-бек ТҮГЕЛ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР :

Бүгін байқап тұрмын ағылып келіп жатқан сайлаушылардың... міне, қараңызшы, тіпті орын жоқ. Халық керемет белсенділік танытты. Бұл нені көрсетеді?! Азаматтардың бойында еліне, халқына, ұлтына, мемлекетіне деген, мемлекетінің шаруасына деген өздерінің патриоттық сезімдерін көрсетеді. Міне, осының бәрі менің жүрегімді қуанышқа кернеп тұр.

Н. Біләл