$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Сайлау жәшігіне топтап бюллетень салуға қатысты 8 жағдай тіркелді

AstanaTV
10.06.2019ж. 20:00
2684
Сайлау жәшігіне топтап бюллетень салуға қатысты 8 жағдай тіркелді

Саяси науқаны кезінде сайлау жәшігіне топтап бюллетень салуға қатысты 8 жағдай тіркелген. Мұндай заңбұзушылықты «Аманат» азаматтық алаңы Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қаласы мен бірнеше облыстан анықтапты. Ұйым жетекшісі Лима Диастың айтуынша, тәуелсіз байқаушылар барлығы 18 акт толтырған. Бұдан бөлек, call-орталыққа тұрғындардан мәжбүрлі түрде үгіт жүргізуге қатысты қоңырау түскен. Бірақ, сарапшылар заң бойынша істі қарауға бірде-бір адам келіп, арыз жазбағанын айтады. «Аманат» сайлау кезінде байқаушылар тарапынан да заңсыздықты тіркеді. Алғаш рет бақылаушы ретінде қатысқандар кейбір ережелерді бұзған көрінеді.

Лима ДИАС, «АМАНАТ» АЗАМАТТЫҚ АЛАҢЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:  

Небары 2 айдың ішінде біз 16 мыңға жуық адам жинап үлгердік. Сайлау учаскелерін 100 пайыз қамтып, 11 мың тәуелсіз байқаушыларды жұмысқа кірістірдік. Бұл біз үшін ғана емес, еліміз үшін де алғашқы тәжірибе. Енді байқаушылар мен сайлаушылардың кәсіби мектебін ашу ойда бар.

А. Бектас