Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Геннадий Головкин мен Kanelo арасында үшінші кездесу болуы мүмкін

AstanaTV
10.06.2019ж. 20:00
1697
Геннадий Головкин мен Kanelo арасында үшінші кездесу болуы мүмкін

Генадий Головкин мен Сауль Альварес үшінші рет кездесуі мүмкін. DAZN стримингтік сервисі өз аккаунтында қос боксердың өткен жекпе-жегінің фотоларын жариялады. Оның астына трипл джи-дің «Мен бұл кездесуді қалаймын. Ол да қалайды. Бәрі қалайды» сөзін қалдырған.  

Альварес Даниел Джейкобспен кездеспей тұрып та бокс әлемінде Головкин екеуінің 3-ші жекпе-жегін көргісі келетіндердің қарасы басым болды. Ал отандасымыз күні кеше Ролссты тізе бүктірген соң спорт сарапшылары келесі қарсыласы мексикандық болатынын жарыса жазып жатты. Оған қоса DAZN стримингтік сервисі екеуінің алғашқы жекпе-жегінен фотоларды жариялады. Бұл кездесудің мүмкін екенін қос боксердың осы DAZN платформасымен келісімшарты бар екендігі жоғарылатып тұр. Ал Головкин Канеломен кездесуден қашпайтынын екінші кездесулерінен кейін мәлімдеп келеді. Ал мексикандық тарап 3-ші кездесуден түсетін табыс көлемін ұлғайтуды талап етіп отыр. Ал Головкин соңғы интервьюінде журналисттерге қыркүйек айында мексикандықпен қайта кездесетінін айтқан.

Алғаш рет ұйымдастырылған УЕФА Ұлттар лигасының жеңімпасыз Порутгалия құрамасы атанды. Финалда Нидерланидиямен кездескен Фернанду Сантош шәкірттері 1-0 есібен басым түсті. Ойынның 60-шы минутында жалғыз доп авторы Гонсалу Гедеш атанды.  

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған футболшы мен модельдің үйлену тойында куәгер болды. Мемлекет басшысы «Арсенал» клубының ойыншысы Месут Озил мен Амина Гүлшенің неке қиюына барды, деп хабарлайды BBC агенттігі. Озил мен Ердоған бұрыннан достық қарым қатынаста. Журналистердің мәліметінше, футболшы президентті өткен жылдың наурыз айында үйлену тойына шақырғпн. Неке қию рәсімі Стамбулдағы Босфор жағалауында өтті. Реджеп Тайип Эрдоган үйлену тойына жұбайымен келіп, жас жұбайларға бақытты отбасы болуды тіледі.

Ә. Өмірзақ