Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы бес жылға президент болып сайланды. Орталық сайлау комиссиясы жариялаған ресми қорытынды бойынша оған халықтың 70,96 пайызы дауыс берді. Ол 6 жарым млн-нан астам сайлаушы. Әміржан Қосановты 1 жарым млн-ға жуық адам жақтаған. Дәния Еспаева жинаған дауыс саны 500 мыңға сәл жетпеді. Одан кейінгі орында "Ауыл" партиясының кандидаты Төлеутай Рақымбеков. Ал Амангелді Таспихов, Жамбыл Ахметбеков пен Сәдібек Түгел 1 пайыздың ар-жақ бер жағында дауыс жинады. Орталық сайлау комиссиясы жаңадан сайланған президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ант беру күнін маусымның 12-не белгіледі. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Құрманғали ұлықтау рәсіміне шетелдік меймандар келмейтінін хабарлады. Салтанатты жиынның тікелей трансляциясын ертең "Астана" арнасынан 10-45-те көре аласыздар.
Ә. Өмірзақ