Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Тобыл өңірінде 100 тоннаға жуық шіріген картоп рұқсатсыз төгілген

AstanaTV
11.06.2019ж. 20:00
3386
Тобыл өңірінде 100 тоннаға жуық шіріген картоп рұқсатсыз төгілген

Тобыл өңірінде 100 тоннаға жуық шіріген картопты рұқсатсыз төгіп кеткендер анықталды. Жамбыл ауылдық округі аумағында қалың картоп жатқанын құзырлы органдарға балықшылар хабарлаған. Экологтар оны дереу полигонға жеткізбесе қоршаған ортаға залал келтіруі мүмкін деп отыр. 

Сергей МҰҚАШЕВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЫ:

Шіріген картоптан улы элементтер мен жағымсыз заттар бөлінуі мүмкін. Қоршаған орта ластанып, жер асты сулары бүлінеді. Жануарлар жейтін болса, түрлі аурулар тудырады. Сол қауіп -қатерді болдырмау үшін оны төккен адам қайтадан жүк көліктерге тиеп жатыр.

Картоп жергілікті шаруа қожалығына тиесілі болып шықты. Иесі қоймадағы бүлінген өнімді қоқыс алаңына жеткізу үшін жүк көліктер жалдағанын айтады. Шаруа бір сағаттың ішінде алқапты тазартамын деп айыппұлдан құтылды.

Сархан БЕКИРОВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Жүк көліктер жалдап, ақысын төледім. Жігіттер қоқыс алаңына жеткізуі тиіс еді. Бірақ қателесіп осы жерге төгіп кетіпті. Бір сағаттың ішінде бұл жерде бір түйір картоп қалмайды. Түгел тиеп кетеді.

З. Санай