Негізгі / Жаңалықтар / «Арселор Миттал Теміртау» аумағынан хлор анықталмады, - Арнайы комиссия қорытындысы

«Арселор Миттал Теміртау» аумағынан хлор анықталмады, - Арнайы комиссия қорытындысы

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ- ның аумағында хлор анықталмады. Қарағанды облысының Табиғи ресурстар басқармасы мен экология департаменті өкілдерінен жасақталған арнайы комиссия осындай қорытындыны жария етті. Олар металлургия зауыты аумағында улы газ мүлде табылмады деп отыр. 

Виктор МАТОНИН, «ЭКОЭКСПЕРТ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ, ТӘУЕЛСІЗ САРАПШЫ:

Тұз қышқылы мен хлор бар - жоғын арнайы өлшеуіш құралмен тексердік. Нәтижесінде хлор мүлде көрінбеді. Ал тұз қышқылы өте төмен деңгейде табылды. Бұл қалыпты мөлшерден аспайды.

Еске салсақ, осыдан екі апта бұрын аталған "компания айналаны улы хлормен ластап жатыр" деген ақпарат тараған еді. Арнайы комиссия құрылып, жан-жақты тексерген. Зеттеу жұмыстарына тәуелсіз ұйым өкілдері де қатысыпты. Олар 5-інші маусым күні кәсіпорынның аумағында ауадағы хлор мен хлорлы сутектің мөлшерін арнайы қондырғымен өлшеген.

А. Қуаш