$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Футболдан ұлттық құрама Сан-Марино командасымен кездесу өткізіп жатыр

AstanaTV
11.06.2019ж. 20:00
2647
Футболдан ұлттық құрама Сан-Марино командасымен кездесу өткізіп жатыр

Футболдан ұлттық құрама Сан-Марино командасымен кездесу өткізіп жатыр. Әзірге Қазақстан қарсыласынан басымырақ көрінеді. Сондай-ақ бүгін «Astana Women's Team» әйелдер құрамасы көпкүндік веложарыста топ жарды. Толығырақ спорт жаңалықтарын Әлішер Өмірзақ жалғастырады.  

Қазақстандық «Astana Women's Team» командасы «Вуэльта Гватемала» веложарысында жеңіске жетті. Әйелдер командасы көп күндік турнирдің барлық кезеңін 1-ші орынмен аяқтады. Соңғы кезең нәтижесі бойынша «Астаналық» Лилиана Морено ең жақын бәсекелесінен 1 минут 38 секундқа озып, турнирлік есепте көш бастады. Сондай-ақ турнирдің 3-ші кезеңінде жеңіске жеткен мексикалық Каролина Родригес турнирден кейін «Астана» командасының құрамына өтті.

Лилиана МОРЕНОНА, «ASTANA WOMEN'S TEAM» КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біздің жеңіске өте қуаныштымын және барлық командаға, менің құрбыларым, техникалық қызметкерлер мен демеушілерге осы табысқа қол жеткізгенім үшін алғыс айтқым келеді. Жарыс, жол өте қиын болды, бірақ біз команда ретінде жақсы әрекет еттік. Бұл жеңіс мені ағымдағы маусымда өтетін жарыстарда жақсы өнер көрсетуге ынталандырады".

Қазақстандық садақшылар Әлем чемпионатының 1/8 финалына өтті. Нидерландияның Хертонгебос қаласында өтіп жатқан турнирде ұлттық құрама 5-4 есебімен Финляндиядан басым түсті. Команда мүшелері Ильфат Абдуллин, Денис Ганькин, Санжар Мұсаев классикалық садақ атудан жоғары нәтиже көрсетті. Қазақстанның ендігі қарсыласы - АҚШ құрамасы.

Сондай-ақ бүгін футболдан ұлттық құрама Сан-Марино-мен кездесу өткізіп жатыр. Матч 2020-шы жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі шеңберінде өтуде. Екі команда да өткен кездесулерін сырт алаңда өткізіп қарсыластарынан оңбай жеңілген. Құрамында кәсіпқойлардан әуесқойы көп Сан-Марино қомандасы Ресейге 9-0 есебімен жеңілген. Сондықтан бүгінгі алаң қожайыны Қазақстанның жеңіске жету мүмкіндігі жоғары. Қазір матчтың бірінші бөлігі өтіп жатыр.

Ә.Өмірзақ