$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Кәсіподақтар федерациясының Бас кеңесі Мемлекет басшысына үндеу жолдамақ

AstanaTV
12.06.2019ж. 20:00
2432
Кәсіподақтар федерациясының Бас кеңесі Мемлекет басшысына үндеу жолдамақ

Кәсіподақтар федерациясының Бас кеңесі Мемлекет басшысына үндеу жолдамақ. Онда әлеуметтік-экономикалық саясатты жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар жасалған. Федерация бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын есептеу көрсеткішін қайта қарастыру қажет деп отыр. Сондай-ақ "Қауіпсіз еңбек" мемлекеттік бағдарламасын және кәсіби қауіптерді саралау бойынша кешенді жоспар жасауды ұсынды. Өйткені елде өндірістік жарақат алғандар көбейген. Үндеу талқылаудан соң Ақордаға жолданбақ.  

Бақытжан ӘБДІРАЙЫМ, ҚР КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жалақыны көтеру, табысты көтеру, әлеуметтік қорғау мәселесі, жұмыс орнындағы қауіпсіздік мәселесі. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің сөзінде осыны атап кетті. Мен осы кандидаттардың айтқан ұсыныстарын өзім пайдаланып, үкіметке яғни, министрліктерге тапсырма беріп, шешу жолдарын табу жөнінде тапсырма бердім деді.

Н.Біләл