Негізгі / Жаңалықтар / "Қазақстан-2050" жалпыұлттық коалициясы диалог құру бастамасын қолдауға шақырған Үндеу қабылдады

"Қазақстан-2050" жалпыұлттық коалициясы диалог құру бастамасын қолдауға шақырған Үндеу қабылдады

«Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясы Президент анықтап берген жаңа міндеттерге қолдау білдірді. 6,5 миллион қазақстандықтың мүддесін білдіретін Коалиция мүшелері мемлекет басшысы көтерген ел дамуының нақты бағыттары мен жаңа міндеттерінің маңызды екені айтты. Отырыста «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Қазақстан дамудың жаңа дәуіріне қадам басқанын айтты. 

Мәулен ӘШІМБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:  

Елімізде Президент Жарлығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды. Бұл - Қазақстанда азаматтық қоғамды дамыту жолында жасалған нақты қадам. Мемлекет басшысы атап өткендей, біртұтас ұлт болып қалу - біздің басты бағдарымыз. Сондықтан жұдырықтай жұмылып, қоғамның барлық өкілдерін, соның ішінде жастарды да диалогқа шақырып, бірігіп әрекет етсек қана көздеген мақсаттарымызға қол жеткізетініміз анық.

Жиын соңында барша қазақстандықтарды бірлікке шақыратын және Қазақстан Президентінің ел дамуының өзекті мәселелеріне қатысты билік пен азаматтық қоғам арасында тұрақты және конструктивті диалог құру бастамасын қолдауға шақырған Үндеу қабылданды.

Н.Біләл