Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

2 пайыздық мөлшерлемелі жеңілдетілген ипотека шілдеде беріле бастайды - Л. Ибрагимова

AstanaTV
13.06.2019ж. 20:00
2686
2 пайыздық мөлшерлемелі жеңілдетілген ипотека шілдеде беріле бастайды - Л. Ибрагимова

2 пайыздық мөлшерлемелі жеңілдетілген ипотека шілдеде беріле бастайды. Көп балалы және көмекке мұқтаж отбасыларға арналған «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасы үшін Қаржы министрлігі екі аптаның ішінде қаражат аударуы керек. Бұл туралы бүгін "Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінің" басқарма төрағасы айтты. Ләззат Ибрагимова «Алматы қаласында пилоттік режимде іске қосылған жоба аясында 98 отбасы баспаналы болғанын айтты. Ол үшін әкімдік шамамен 3 млрд тг бөлген. Қазір бұл қалада тағы да 233 өтініш қарастырылып жатқан көрінеді.  

Ләззат ИБРАГИМОВА, "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ:

Республикалық бағдарлама 1-2 аптаның көлемінде іске қосылады. Бизнес үдерістері пилоттік жоба кезінде тексерілді. Біз толығымен дайынбыз. Ипотека 2 пайыз жылдық мөлшерлемемен беріледі. Алғашқы жарна баспана құнының 10 пайызы. Қарыз ең көп дегенде 15 млн тг-ге беріледі. Өтініш пен құжаттарды арнайы портал арқылы өткізеді. Ипотека алған адамның аты-жөні ашықтық үшін банктің сайтында жарияланып тұрады.

Д. Қайыртай